Қытайда соңғы тәулікте коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ

Қытайда соңғы тәулікте коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ

Қытайда соңғы тәулікте коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ
ашық дереккөзі
Соңғы тәулікте Қытайда коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі анықталмады. Ел ауруханаларынан денсаулығы түзелген 795 адам шығарылды, деп хабарлайды AFP News.  18 наурызда Хубэйден тысқары жерлерде 18 наурызда өлім тіркелмеді. Айта кетейік, бұған дейін Қытайда коронавирус эпидемиясының екінші толқыны басталуы мүмкін екенін хабарлағанбыз. Белгілі америкалық дәрігер-инфекционист Энтони Фаучидің айтуынша, мұндай жағдай жарияланған карантинді алып тастағаннан кейін болуы ықтимал. Дәрігердің сөзінше, дерттің қайта белең алуы барлық шектеулер алынып, адамдар қалыпты өмірлеріне қайта бастаған кезде болмақ. Фаучи бұл жағдай болмайды деген үмітте екенін, алайда мұны жоққа шығаруға болмайтынын айтты.