Елордада коронавирус жұқтырған 7 адам жайлы дерек жарияланды

Елордада коронавирус жұқтырған 7 адам жайлы дерек жарияланды

Елордада  коронавирус жұқтырған 7 адам жайлы дерек жарияланды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған жұқтырғандардың жағдайы туралы мәлімет берілді.  «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тағы 7 науқас тіркеліп отыр. Олардың бәрі Қазақстан азаматтары. Жастары 25-52 аралығында. Бәрі бұрын ауырған адамдармен байланыста болған. Қазір олар стационарда. Карантинде емделіп жатыр. Жағдайлары жақсы», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп. Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 44 адамға жетті.  Алматы қаласында 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам індетке шалдыққан.