Шымкенттік меценат коронавируспен күреске 20 млн теңге аударды

Шымкенттік меценат коронавируспен күреске 20 млн теңге аударды

Шымкенттік меценат коронавируспен күреске 20 млн теңге аударды
ашық дереккөзі
Шымкенттік меценат Қайрат Молдасейітов коронавирус індетіне қарсы күреске 20 миллион теңге аударды. Жиналған қаржы әлеуметтік салаға жауапты мамандармен ақылдаса отырып, көмекке мұқтаж азаматтарға үлестірілмек.  «Otau Group» холдингінің президенті әрі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Шымкент қалалық кеңесінің төрағасы өткен жылы да Арыста жарылыстан зардап шеккендерге 10 миллион теңге қаражат аударып, елдің ризашылығын алған болатын. Қазір де елдегі бизнесмендерге үлгі көрсетті. «Коронавирусқа байланысты қазір кәсіпкерлер де зардап шегіп жатыр. Дегенмен мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, толық емес отбасылар көріп жатқан қиындықтарды бізбен салыстыруға келмейді. Сол себепті оларға қол ұшын созған абзал. Осыған байланысты «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанынан қор аштық. Аталған қорға біз компания атынан 20 миллион теңге аудардық. Осы тұста мен басқа да кәсіпкерлерді тұрмысы төмен отбасыларға көмектесуге шақырамын. Жиналған қаржы қалалық әкімдіктің әлеуметтік салаға жауапты мамандарымен ақылдаса отырып көмекке мұқтаж азаматтарға үлестіріледі», – деді Қайрат Құсейінұлы.