Коронавирус: Елорда әкімдігі «С» жоспарын таныстырды

Коронавирус: Елорда әкімдігі «С» жоспарын таныстырды

Коронавирус: Елорда әкімдігі «С» жоспарын таныстырды
ашық дереккөзі
Коронавирустың таралуына байланысты елімізде «С» жоспары жүзеге асырылатын жағдайда Нұр-Сұлтан қаласындағы Ramada Plaza қонақ үйі ауруханаға айналады. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен мәлімдеді.  «С» жоспары төтенше жағдай коменданттық сағатқа ауысқан кезде, аталған вирус жаппай таралған кезде жүзеге асады. Екіншіден, мұндай жағдайда біз карантин үшін төсек-орынмен барынша көп қамтамасыз етуіміз керек», - дейді  Бахтияр Мәкен. Әкімнің орынбасары  «С» жоспары орын алған жағдайда елордадағы Ramada Plaza қонақ үйі коронавирус жұқтырған адамдар үшін ауруханаға қажетті құрылғылармен жабдықталады. «Бүгін әкімдікте науқастар жататын қосымша төсек-орынмен қамтамасыз ету шаралары қабылданды. Қазіргі уақытта Ramada Plaza қонақ үйін науқастарды қабылдап, карантин режімін сақтау үшін дайындап жатырмыз. Нысан жақын арада дайын болады. Басқа да нысандар «С» жоспары аясында жүзеге асатын жұмыстарға дайын. Олармен де келіссөздер жүргізіліп жатыр», - дейді ол.