Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 44-ке жетті

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 44-ке жетті

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 44-ке жетті
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.  « Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, жалпы 44 науқас тіркелді» делінген ведоство хабарламасында. Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Ресей азаматынан коронавирус анықталғанын хабарлағанбыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқас 15 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген.