Жаңалықтар

Жандарбек Мәлібеков: Қандастарды елге қайтару парасатты шешім болды

ашық дереккөзі

Жандарбек Мәлібеков: Қандастарды елге қайтару парасатты шешім болды

– Сын сәтте жүздеген жоба­ның ішінде еңбегімді бағалаған және оған өмірлік қана емес, ғаламдық жолдама берген кө­реген Елбасыға шексіз разы­мын. Жер шарында 10-15 жылдың ішінде бас қаланы салып, оның халқын бір миллионға жеткізген еш мемлекет жоқ. Бұл – біздің елін сүйген, елі сүйген Елбасының ерлігі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдегі қазақтарды атажұртына көшіру туралы бастамасы да  бәрімізді қуантқаны рас.  Елбасының мұрындық болуымен ұйымдастырылған Дүниежүзі қа­зақтарының тұңғыш құрылтайына қатысқан болатынмын. Сол құрылтайда тарыдай шашылып кеткен қазақты бір шаңы­рақ астына қайта жинаған Елбасының саясатын қолдай отырып, өзге елден келетін өзім секілді қазақтарға бір кеңесімді айтқан едім. «Сендер елге келгенде, «Мен не аламын?», «Маған не береді?» деген оймен келмеңдер, керісінше «Мен тәуелсіз еліме не беремін?» деп ойланыңдар» деген болатынмын. Расында да, туған топыраққа оралғасын, осы елге қызмет етуді ойлау керек. Тағы бір айта кететін жайт, сол құрылтайда біз сырттан келген қандастардың ата­жұртқа, туған елге, жерге деген сағынышын көзбен көріп, жүрекпен сезіндік. Ұшақтан түсе сала туған жердің то­пырағын сүйіп, иіскеген қазақтардың қуанышында шек бол­маған еді. Ал бізге мұндай бақытты сыйлаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болатын. Тұңғыш Президенттің тәуелсіздікке қол жеткізе салып, шетте жүрген қазақтарды та­рихи Отанына қайтаруды қолға алуы – өте маңызды әрі маз­мұнды шешім болды.