Жаңалықтар

Карантин: Елордаға 5 елді мекеннің тұрғындары қатынай алады

ашық дереккөзі

Карантин: Елордаға 5 елді мекеннің тұрғындары қатынай алады

Нұр-Сұлтан қаласына Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді мекендерінің тұрғындары еш кедергісіз кіріп шыға алады. Оларға жұмыс орнынан анықтама қағаз немесе мекенжай тіркелімін растайтын құжат қажет емес, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Бұл елді мекендер карантиндік аймақтың шекерасына енгізілді. Айта кетсек, елордада 6 блокпост орнатылды. Олар Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді-мекендері мен Нұр-Сұлтан – Петропавл автожолы учаскесінде орналасқан. Сондай-ақ Ақмола облысының әкімдігі Шұбар ауылының ауданында блокпост орнатты.