Айман Мұсақожаева: Елдің рухани дамуына Елбасының сіңірген еңбегі өлшеусіз

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің дамуына, ұлттық мемлекеттілікті құруға қосқан үлесі орасан зор. Ол өз халқымен бірге халықаралық қауымдастықта Қазақстанның беделін мойындатудың қиын жолынан өтті. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекеттің заманауи моделін құруға мүмкіндік беретін негізгі бағыттарды алдын ала тани білді.

Тұңғыш Президенттің сындарлы сая­сатының тиімді, теңгерімді және дәйек­ті болғанын уақыт көрсетті. Қысқа ғана тари­хи кезеңде Нұрсұлтан Назарбаев эко­номикалық және саяси сипаттағы бір­қатар мәселелерді сәтті шешіп, алға қой­ған мақсаттарына қол жеткізді. Ол та­рих­қа қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қалаушы ретінде кірді. Нұрсұлтан Әбішұлы әрдайым рухани құндылықтар жүйесіне сүйенетін.  Сондықтан да болар, ұлттық мә­дениеттің дамуы оның реформаларында маңыз­ды орынға ие болды.

Олардың қатарында  – «Мәдени мұра», «Ру­хани жаңғыру» және басқа да бағ­дар­ла­малар бар.  Мемлекеттік бағ­дар­лама­лар­дың арқасында қазақстандықтар өнердің әр­түрлі салаларында – театр, кино, музыка, ба­лет, бейнелеу өнері және т.б. дамуында ай­тарлықтай жетістіктерге жетті.

Елбасы өнерге қашанда ерекше көңіл бөліп келеді, ал шығармашылық адамдар үшін бұл үлкен қолдау. Нұрсұлтан Әбішұлы біздің қоғамда мә­­дени даму мен жоғары руханиятты қа­лып­тастыру – экономикалық өсу мен халықтың әл-ауқатын жақсарту істерінің қатарында тұрған маңызды ба­ғыт­тардың бірі деп санайды. «Қазақ­стан мәдениеті әлемдік мәдени мұра­ның ажырамас бөлігі болуы керек. Мұны әлемнің әртүрлі халықтарының мәдени құндылықтарын қабылдау жүйесінде нақты мойындау қажет», – деді Елбасы. Тұңғыш Президент отан­дық өнерді дамыту мен таратудың те­тік­терін тамаша ойластырды.

Нұрсұлтан Әбішұлының қолдауы­мен Қазақстанның жаңа астанасында Қазақ ұлттық музыка академиясын ұйымдастыруға мүмкіндік туды. Осы оқу орнының негізінде жоғары білімді мамандар даярлайтын Қазақ ұлттық өнер университеті құрылды.

Өнер университетінің шығарма­шылық жұмысы белгілі бір дәрежеде ерекше, өйткені фестиваль, конкурс, концерт, көрме, қойылым, шеберлік сыныптары және т.б. сияқты әртүрлі жұмыс түрлерін қамтиды. ҚазҰӨУ-де ұйым­дастыру залы және Е.Рахмадиев атын­дағы үлкен зал жұмыс істейді. Ж.Жабаев атындағы үлкен зал және Ф.Шопен атындағы кіші зал да маңыз­ды жұмыстарды атқаруда. Бұл алаң­дарда әр түрлі жастағы студенттер, кол­ледждер мен университеттер ұжым­дарының оқытушылары мен про­фессорларының, шақырылған бел­гілі солистердің, дирижерлер мен топ­тардың шығармашылық кештері үне­мі өткізіліп тұрады.

Ал қазір университет түлектері отандық өнерді дәріптеуден жа­лық­пайды. Нұрсұлтан Әбішұлы әрдайым дарынды жастарды қолдайтынын атап өткім келеді. Университеттен бү­­гінде танымал түлектер шықты: Қа­зақстан Республикасы еңбек сіңірген қай­раткерлері Димаш Құдайберген, Сүндет Байғожин, Салтанат Ахметова және басқалар. Нұрсұлтан Әбішұлы шы­ғармашылық зиялы қауыммен бір­ге стратегиялық міндеттерді іске асыру­да маңызды рөл атқарды. Ол мә­дени қайраткерлердің қазақстан­дық қоғам интеграторына айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Біз өз жұмысымыз арқылы әлемде мойын­далған ұлттық мәдениеті бар тұ­рақты Қазақстанды құруға үлес қо­суға жұдырықтай жұмылдық.

Мен Нұрсұлтан Назарбаевқа елдегі маңызды мәдени жобаларға көрсеткен қол­дауы үшін шын жүректен алғы­сымды білдіргім келеді. Тұңғыш Пре­зиденттің бастамасымен Қазақстанда жаңа мәдени мекемелер, соның ішінде Қазақ ұлттық өнер университеті, «Астана Опера» театры және аста­нада­ғы «Қазақ концерті» мемлекеттік кон­церттік ұйымы, Шымкенттегі Оң­түстік Қазақстан облыстық опера жә­не балет театры сияқты мәдени ошақ­тар ашылды. Н.Назарбаевтың мәдениет саласындағы көптеген бас­тамаларымен бұл мекемелердің бар­лығы да Қазақстан руханиятының тиім­ді дамуына ықпал етеді.

 

Back to top button