Қытайда коронавирусты емдейтін дәріні сынақтан өткізу аяқталды
Қытайда коронавирусты емдейтін дәріні сынақтан өткізу аяқталды
Қытай ғалымдары коронавирусқа қарсы Favilavir деп аталатын препаратты клиникалық тексерістен өткізуді аяқтады, деп хабарлайды «Жэньминь Жибао» басылымы.
Дәрі науқастың ыстығын басуға арналған. Нақтырақ айтқанда, дене қызуы сақталатын уақытты 4,5 күннен 2,5 күнге азайтады. Препаттар жергілікті компанияның бірі шығарады. Айта кететін жайт, мұндай дәрі Жапонияда да дайындалады. Бірақ тұмауды емдеуге арналған дәрі Күншығыс елінде «Авиган» деп аталады. Жапон ақпарат құралдарының хабарлауынша, елде коронавирусты осы дәрімен емдеу мәселесі қарастырылып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Еуроодақ коронавирусқа қарсы вакцинаның күзге қарай дайын болатынын мәлімдеген. Вакцинаны Еуроодақтан 80 миллион еуро алатын инновациялық зерттеу компаниясы әзірлемек.