Карантин: ертеңнен бастап балабақшалар жұмыс істемейді

Елімізде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жариялануы себепті Алматы қаласы білім басқармасы арнайы іс-шаралар қабылдады. Бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлова мәлімдеді.

«Оның біріншісі балабақшалардың жұмысына байланысты болды. Бүгінгі таңда балабақшалар жұмысын тоқтатқан жоқ. Алайда, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин жариялануына байланысты ертеңнен бастап балабақшалар жұмысын тоқтатады. Орта білімге байланысты 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін мектеп оқушылары жылдағы көктемгі демалыста. Қазіргі кезде мектепте оқушылар жоқ. Ұстаздар үйлерінде балалармен қашықтықта қарым-қатынас орнатып отыр. Демалыс кезінде оқушылар арнайы тапсырма алып, сынып жетекшілерімен, мұғалімдерімен байланыста болады. Егер карантин жасалғасын табатын болса, 5 сәуірде каникул аяқталған сәтте оқушылар қашықтан оқытуға ауысады. Осыған байланысты қазіргі таңда Алматы қаласы білім басқармасы министрлікпен бірігіп, дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр» – деді ол.

Сондай-ақ білім басқармасы басшысының орынбасары колледж сутденттеріне қатысты жайтқа да тоқталды. Колледж студенттері 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқуға көшті. Оларға арнайы бағдарламамен, арнайы тестпен электрондық форматта оқу ұйымдастырылмақ.

Back to top button