Карантин: бірқатар әуе рейстері тоқтады

Карантин: бірқатар әуе рейстері тоқтады

Карантин: бірқатар әуе рейстері тоқтады
ашық дереккөзі
Air Astana мен FlyArystan әуе компаниялары тобы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин енгізілуіне байланысты бірқатар рейсін тоқтатты. Бұл жайында Air Astana компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады. «Air Astana мен FlyArystan әуе компаниялары тобы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин енгізілуіне, сонымен қатар бірқатар үкіметтік шектеулерге байланысты бірқатар рейсін тоқтатты. Халықаралық рейстер Қазақстан азаматтарын отанына алып келу және шетел азаматтарына елден кетуге мүмкіндік беру мақсатында ғана орындалады. Әуе компаниялары тобы жолаушыларды тұрғылықты жерлеріне жеткізу үшін ішкі рейстерді орындауын жалғастырады», – делінген таратылған ақпаратта. Компания мәліметінше, қазіргі жағдайда көлік ұтқырлығының күрделуіне байланысты барлық жолаушылар әуежайға ұшақ ұшуынан 2 сағат бұрын келуі қажет. 15 сәуірді қоса алғанға дейінгі рейстерге билет сатып алған азаматтардың барлығы билет құнын қайтарып алу үшін refund@airastana.com электронды поштасында сұраныс жолдаулары қажет. Сатып алынған билеттердің құны 2020 жылдың соңына дейін қайтарылуы мүмкін.