Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір науқас анықталды

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір науқас анықталды

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір науқас анықталды
ашық дереккөзі
Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір науқас анықталды, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. «Қазақстандағы коронавирус бойынша 18 наурыздағы сағат 17.00 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 18 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 36 науқас тіркелді», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің таратқан хабарламасында. Айта кетейік, Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады. Аталған екі қала бүгін сағат 00:00-ден карантинге жабылады.