Карантин кезінде интернеті жоқ оқушылар қалай сабақ оқиды?

Карантин кезінде интернеті жоқ оқушылар қалай сабақ оқиды?

Карантин кезінде интернеті жоқ оқушылар қалай сабақ оқиды?
ашық дереккөзі
Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлова интернеті мен компьютері жоқ студенттер қашықтан қалай оқитынын түсіндірді. ҚазАқпараттың мәліметінше, Г.Айтқұлова: «Бізде 8 колледждің 108 студентінде смартфон жоқ. Студенттер қашықтан оқуға жіберілген кезде оқытушылар оларға арнайы материалдар таратқан. Олар «Қазпошта» арқылы және басқа да жолдармен ұстаздармен байланыста отыр», – деп жауап берді. Маманның айтуынша, педагогтар білім беруді үйлерінен жүргізіп отыр. «Менің ойымша, барлық оқытушыда ноутбук пен смартфон бар. Қазір білім басқармасы оқытушылардың қолындағы техника санын бақылауға алды», – деді басқарма басшысының орынбасары. Осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавируске шалдыққан 35 адам анықталды. Оның ішінде 17 жағдай – Алматыда, 18 факті Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр.