Карантин кезінде интернеті жоқ оқушылар қалай сабақ оқиды?

Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлова интернеті мен компьютері жоқ студенттер қашықтан қалай оқитынын түсіндірді.

ҚазАқпараттың мәліметінше, Г.Айтқұлова: «Бізде 8 колледждің 108 студентінде смартфон жоқ. Студенттер қашықтан оқуға жіберілген кезде оқытушылар оларға арнайы материалдар таратқан. Олар «Қазпошта» арқылы және басқа да жолдармен ұстаздармен байланыста отыр», – деп жауап берді.

Маманның айтуынша, педагогтар білім беруді үйлерінен жүргізіп отыр.

«Менің ойымша, барлық оқытушыда ноутбук пен смартфон бар. Қазір білім басқармасы оқытушылардың қолындағы техника санын бақылауға алды», – деді басқарма басшысының орынбасары.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавируске шалдыққан 35 адам анықталды. Оның ішінде 17 жағдай – Алматыда, 18 факті Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр.

Back to top button