Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

Карантин: Алматыға облыстан қатынайтын жұмысшылар кіре алмайды

Алматыға облыстан қатынайтын жұмысшыларға жұмыс берушілер ақылы демалыс беруі керек.

Қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев: «Қазір қала әкімдігі үшін ең басым бағыттардың бірі – жұмыс орындарын сақтап қалу. Көп жұмыс орындарының қызметкерлері облыстан қатынайды. Егер жұмыс берушіде мүмкіндік болса, оларды 1 айға ақылы демалысқа жіберу керек. Егер оған мүмкіндік болмаса, жұмыскерлерге Алматыдан уақытша орын тауып, орналастыру керек. Қазір жатақхана, хостел, қонақ үйлер босап жатыр. Карантин кезінде облыстан қатынайтын қызметкерлерге арнайы рұқсат берілмейді. Жұмыс берушілер қазірден бастап түнгі 24.00-ге дейін осы мәселені шешуі тиіс», – деді.

Айта кетейік, бүгін Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин енгізіледі.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button