Коронавирусқа қарсы вакцина күзге қарай дайын болады – Еуроодақ

Коронавирусқа қарсы вакцина күзге қарай дайын болады – Еуроодақ

Коронавирусқа қарсы вакцина күзге қарай дайын болады – Еуроодақ
ашық дереккөзі
Еуроодақ коронавирусқа қарсы вакцинаның күзге қарай дайын болатынына сеніп отыр. Бұл туралы Еуроодақтың бейнеконференция режімінде өткен саммиті кезінде Урсула фон дер Ляйен мәлім етті, – деп хабарлады Euronews. Оның айтуынша, вакцинаны Еуроодақтан 80 миллион еуро алатын инновациялық зерттеу компаниясы әзірлейді. Айта кетейік, ЕО жаңа типтегі коронавирустың таралуына қарсы күрес жүргізу мақсатында одақтың сыртқы шекарасын 30 күнге жапты.