Медициналық масканың бағасы 25 теңгеден 170 теңгеге көтерілген

Медициналық масканың бағасы 25 теңгеден 170 теңгеге көтерілген

Медициналық масканың бағасы 25 теңгеден 170 теңгеге көтерілген
ашық дереккөзі
Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, қалада резервте 650 мыңнан аса медициналық бетперде бар. Қазіргі уақытта қаладағы мемлекеттік мекемелерде қызметкерлер маскамен жүруге міндеттелген. Медициналық масканың бағасы 25 теңгеден 170 теңгеге көтерілген. Қалада маска тапшы. Кәсіпкерлермен келісіп, маска дайындалып жатыр. Дәріханаларға бір аптаның көлемінде жеткізіледі. Дәкеден жасалған 1 дана масканың бағасы: 4 қабаттап тігілгені – 100 теңге, 8 қабаттап тігілгені – 130 теңге, 16 қабаттап тігілгені – 200 теңге. Шенеуніктер бағаны түсіруге мүмкіндік жоқ екенін айтады. Себебі, доллар бағамы өскендіктен, шикізат қымбат, жұмысшылардың жалақысы мен қауіпсіздігін сақтау шығыны кірген. Алдағы уақытта бұл маскалар бір адамға 5 данадан ғана сатылады. Бұдан өзге, қаладағы 1500 қоғамдық көлікті дезинфекциялау жұмыстары көлік иелеріне жүктелген. Антисептиктердің бағасы 420 теңгеден болуы керек. Әр азаматқа 2 немесе 4 данадан ғана сатылуы тиіс. Егер осы белгіленген бағалардан ауытқушылық байқалса, қала әкімдігінің сайтына шағымдануға болады. «Қазіргі таңда әлемдік экономикада біраз қиындық туындауда. Оның біздің мемлекетімізге де әсері тиюі мүмкін. Соған байланысты Шымкент қаласында дағдарысқа қарсы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бірінші кезекте халықты азық-түлікпен қамту мәселесі тұр. Сауда орындарында баға тұрақты, азық-түлік қоры жеткілікті», – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлы.