Коронавирусты анықтайтын жедел тестер сатылымға шықты – министр

Коронавирусты анықтайтын жедел тестер сатылымға шықты – министр

Коронавирусты анықтайтын жедел тестер сатылымға шықты – министр
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Еуразия Бірінші» арнасының «Basty Prime» бағдарламасында коронавирусты анықтайтын жедел тестер сатылымға шыққанын мәлімдеді. «Бірнеше күн бұрын сатылымда жедел тестер пайда болды. Алайда олардың біз пайдаланатын генетикалық тестерге қарағанда анықтау қабілеті нашар. Бірақ, жедел тестер антиденелердің бар екенін көрсете алады. Қазір біз белгілі бір уақытта бұдан гөрі ауқымды тестілеу жүргізуге дайындалып жатырмыз», – деді министр. Оның айтуынша, емханаларда мұндай қызмет көрсетілмейді. Егер адамдар өздері қаласа, ақылы түрде тестен өтуге тыйым салынбаған.