Жаңалықтар

Карантин: Алматы әкімі үндеу жариялады

ашық дереккөзі

Карантин: Алматы әкімі үндеу жариялады

Алматыда карантин режимінің енгізілуіне байланысты қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға үндеу жариялады, – деп жазды ҚазАқпарат. «Құрметті, алматылықтар! Тұрғындар үшін жылдам артып келе жатқан қауіп бізді жылдам шешім шығаруға мәжбүр етуде. Сондықтан мен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияға қалада карантин енгізу туралы ұсыныс енгіздім. Бұл шешім 1 сағат бұрын қабылданды. Қалада карантин 19 наурызда түнгі сағат 00:00-де енгізіледі. Алматыдағы карантиннің басты мақсаты – инфекцияның тез таралуын тоқтату. Міндет - қаланың сыртқы периметрінде инфекцияның таралмауын қолға алу және қатаң карантин арқылы инфекцияның таралу жолдарын тоқтату, үй карантині және өзін-өзі оқшаулау механизмі арқылы эпидемияға қарсы ауқымды іс шараларды жүргізу», – деді Бақытжан Сағынтаев.