Төтенше жағдай: жүк көліктерін өткізетін бекеттер белгіленді

Төтенше жағдай: жүк көліктерін өткізетін бекеттер белгіленді

Төтенше жағдай: жүк көліктерін өткізетін бекеттер белгіленді
ашық дереккөзі
Қазақстанда төтенше жағдайдың жариялануына байланысты шекара қызметі Қазақстан және шетел азаматтары, сондай-ақ сыртқы экономикалық салаға қатысушылар үшін мемлекеттік шекара арқылы кіру және шығуға қойылған шектеулер туралы маңызды мәліметті жариялады, – деп жазды ҚазАқпарат. Төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктерге мемлекеттік шекарадан өтуге шектеу қойылады. Дегенмен, шетелге бұрын кетіп қалған, бірақ қазір Қазақстанға оралуды көздеген Қазақстан Республикасының азаматына, сондай-ақ, денсаулық сақтау мекемелерінен растайтын құжаты бар, шетелге емделуге шыққан азаматтарға рұқсат берілген. Қазақстанға мемлекеттік шекарадан кіру және шығу үшін қандай құжаттардың керектігін және жүк көліктерін өткізетін автокөлікті өткізу пунктілерінің тізімін мына сілтемеден көруге болады.