Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 жаңа науқастың жағдайы туралы ақпарат берілді

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 жаңа науқастың жағдайы туралы ақпарат берілді

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 жаңа науқастың жағдайы туралы ақпарат берілді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырған 14 жаңа науқастың жай-күйі туралы айтты. ҚазАқпараттың мәліметінше, Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте басқарма басшысы: «14 адамның барлығы бір рейспен келген жоқ. Бес адам – қаладағы инфекциялық блоктың стационарында жатқан. Қалған 9 адам – эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерден келген жолаушыларды тексеру барысында табылды. Оның ішінде 4 адам – Бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз деп танылған Италия мен Оңтүстік Кореядан келген», – деп атап өтті. Оның айтуынша, бір науқас жұқпалы аурулар ауруханасында орташа деңгейдегі Жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозымен жатқан. Оны қосымша тексеру барысында коронавирустық инфекция табылды және ем тағайындалды. «Барлығының жағдайы қанағаттанаралық, клиникалық белгілер жоқ. Барлығы Нұр-Сұлтан қаласының көпбейінді медициналық орталығының инфекциялық стационарына жатқызылды», – деді С. Қисықова. Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша тағы 14 жаңа науқас тіркелді. Осылайша, қауіпті індетпен ауырғандар саны 27-ге жетті. Оның ішінде 16 жағдай – Нұр-Сұлтанда, 11 факті Алматыда тіркелген. Сондай-ақ, Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, азаматтардың 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуына тыйым салынды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына үндеу жолдады.