Түркияның бакалавр, магистратура, докторантураға арналған тегін стипендиялары

Түркияның бакалавр, магистратура, докторантураға арналған тегін стипендиялары

Түркияның бакалавр, магистратура, докторантураға арналған тегін стипендиялары
ашық дереккөзі
  Бұл туралы, jaisan.kz cайтында блогжазба жарияланды. Түркия десе көз алдымызға Анталия, Анкара, Стамбул, Кемер сияқты аты әлемге әйгілі, көркімен кез-келген адамды өзіне ғашық қылатын әсем шаһарлар көз алдымызға келеді. Осы қалаларды турист ретінде көру көпшіліктің арманы. Әсіресе «Сұлтан Сүлеймен» телесериалын тамашалаған көрермендердің Хюррем елінің тәттілерінен дәмін татып, сұлтандардың патшалық кезіндегі гаремдерін, терең тарихын, бай мәдениетін көріп қайтуға қызығушылығы артты. Бұл тізімнің қатарында Сіз де болсаңыз, ендеше қуантайын. Түркияның кез-келген қаласында өмір сүру ғана емес, сонымен қатар бакалавр, магистратура және докторантура бойынша тегін білім алуға мүмкіндігіңіз бар. Түркияның оқу гранттарына дүниежүзіндегі 100-ден аса мемлекеттің азаматтары қатысып келеді. Осы бағдарлама арқылы Қазақстанның мыңға жуық жастары Түркия елінде тегін білім алып жатыр. Үкімет оқуға түскен білімгерлердің оқу ақысы, шәкіртақысы, медициналық сақтандыруы, виза және ары-бері ұшу шығындарын толық көтереді. Сонымен қатар қажеттілік туындаса оқу орнында өте арзан бағаға жатақханадан орын беріледі. Студенттерге 250 доллар, магистрлерге 500, докторантура бағдарламасы бойынша білім алатын азаматтарға 900 доллар көлемінде ай сайын шәкіртақы төленеді. Білім байқауы жыл сайын наурыз айында өткізіледі. Сонымен, Түркия мемлекетінің шетелдік азаматтарға тегін білім беруге арналған «Түркия бурсалары» (Түркия стипендиялары) атты бағдарламасына құжат қабылдау 2016 жылдың 28-ақпанда басталады. Құжат 31-наурызға дейін онлайн режимінде жүргізіледі. Байқау екі кезеңнен тұрады. Мұнда академиялық білім деңгейі жоғары және ғылыми жетістіктері бар үміткерлердің мүмкіндігі зор. Түрік тілін білмеймін десеңіз оған қам жемеңіз. Стипендияны ұтып алған жағдайда Сізге бір жыл тіл курсынан өту мүмкіндігі беріледі. Мұнда да барлық шығынды Түркия Үкіметі көтереді. Керемет емес пе?!) Сонымен оқу бағдарламасына кімдер қатыса алады? Қазақстан Республикасының азаматы болуыңыз керек. Студенттер үшін орта білім куәлігінің көрсеткіші 70%-дан, магистрлер үшін 75%-дан, докторлар үшін 90%-дан аз болуы тиіс. Бакалавр бойынша білім алғысы келген азаматтың жасы 01.01.1993 ж. жоғары, магистратура бойынша 01.01.1986 жылдан жоғары болмауы тиіс. Яғни, жасыңыз 30-ға толмаған болуы керек. Ал, доктарантура бойынша білім алғысы келетіндер 01.01.1981 жылдан үлкен болмауы тиіс. Өз салаңыз бойынша лауазымды екі маманның ұсыным хаты (рекомендательное письмо) болуы шарт. Құжаттарды тапсыру үшін алдымен Түркия стипендиялары бағдарламасының сайтында үміткер ретінде тіркеліп алуыңыз керек. Сайтқа тіркелген соң қажетті құжаттарды жүктей бастайсыз. Ал, олар Сізді өзге үміткерлермен салыстыру арқылы байқау өткізеді. Егер бірінші турдан өтіп жатсаңыз, 2-тур бетпе-бет сұхбаттасуға шақырады. Яғни, электронды жәшігіңізге екінші кезеңге өткеніңіз туралы хат келеді. Бетпе-бет сұхбаттасуды бағдарлама өкілдері Алматы және Астана қалаларына келіп өздері өткізеді. Онда тілдесу арқылы Сіздің Түркияда не үшін білім алғыңыз келетінін сұрайды. Сонымен қатар өздерін қызықтырған басқа да тақырыптарда сұрақтар қоюы мүмкін. Айта кетерлік жайт, оқуға түскен стипендия иегерлеріне ешқандай материалдық жауапкершілік (төлемақыны қайтару, Түркия мемлекетінде қалып жұмыс істеу және т.б. шарттар) қойылмаған. Стипендианттар әлеуметтану, басқару ісі, инженерлік, техникалық, гуманитарлық, өнер, ауыл шаруашылық саласы, медицина және басқада мамандықтарда Түркиядағы 100-ден аса алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алады. Онлайн-анкетаны толтыру барысында бірден 12 мамандықты 12 университеттен таңдауға құқыңыз бар. Яғни, бір мамандықты таңдап, оған іліге алмай қалсаңыз, реттік саны бойынша автоматты түрде келесі мамандыққа өтіп кетуіңіз мүмкін. Шетелде білім алуды жоспарласаңыз, тезірек құжаттарыңызды реттеп, бағынызды сынап көріңіз! Айтпақшы, Түркия стипендияларына мына сайт www.turkiyeburslari.gov.tr арқылы тіркелесізsmiley.