Төтенше жағдай: ҰБТ уақыты кейінге шегеріледі

Төтенше жағдай: ҰБТ уақыты кейінге шегеріледі

Төтенше жағдай: ҰБТ уақыты кейінге шегеріледі
ашық дереккөзі
Республикалық физика-математика мектебіне, Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылдау үшін өткізілетін емтихан уақыты маусым айына шегерілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде елде енгізілген төтенше жағдай бойынша ҚР Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өткен жиын барысында айтылды. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова: «Биылғы оқу жылында 117 мектеп білім беріп жатыр. Оның 89-ы – мемлекеттік, 22-сі жеке меншік мектеп. Мектеп басшылары мен ата-аналар вирусты инфекция пайда болған жағдайда не істеу керектігі туралы жедел жиналыс өткізген. Бүгінгі таңда мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін каникулда», – деді. Ол өтуі жоспарланған олимпиада, байқау, спорт шаралары да кейінге шегерілгенін айтты. «ҰБТ уақыты да кейінге шегеріледі. Өтетін күні мен уақытын қосымша хабарлаймыз. Республикалық физика-математика мектебіне, Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылдау үшін өткізілетін емтихан уақыты маусым айына шегерілді. Каникул кезінде мектептегі әкімшілік, техникалық жұмысшылар кесте бойынша жұмыс істейді, ал қалған педагогтар қашықтықтан жұмыс істеуіне болады. Қаладағы мектептер интернетке толық қосылған, қазіргі уақытта біз «Күнделік» жүйесі бойынша жұмыс істейміз», – деді маман.