Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 14 науқас тіркелді – министр

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 14 науқас тіркелді – министр

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 14 науқас тіркелді  – министр
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 14 науқас тіркелгенін хабарлады. Қазақстан бойынша қауіпті инфекция жұқтырғандардың саны 27 адамға жетті. «Бүгіннен бастап Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді. Ол бойынша Франция, Иран, Италия, Германия мемлекеттері қаупі бойынша 1А категориясына кірді. 1Б категориясына Қытай, Оңтүстік Корея және барлық Шенген аймағы мемлекеттері жатқызылады. Ал 2 санатта Филиппин, Катар, Таиланд, Үндістан, Сауд Арабиясы бар», – деді министр.