Жаңалықтар

Бір тәулікте 14 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

ашық дереккөзі

Бір тәулікте 14 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

Әлемде соңғы 24 сағатта коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 14 мыңға артып, 862 адам қайтыс болды, – деп хабарлады РИА Новости.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бір тәулікте вирусты жұқтырған 13 903 адам анықталған. Оның 29-ы Қытайдан. Жалпы, бүгінге дейін COVID-19 жұқтырғандардың саны 167 511-ге жетті. Қытайдан тыс жерде 848 адам қайтыс болған. Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем бойынша – 6 606 болса, оның 3 388-і Қытайдан өзге мемлекеттерде кездеседі. Осы кезге дейін вирус 151 елге тараған. Ал Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 13 адамға жетті. Олар карантинде ем қабылдап жатыр. Сақтық шаралары үшін 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.