Жаңалықтар

Әлі 4 мыңнан астам қазақстандық шетелде саяхаттап жүр

ашық дереккөзі

Әлі 4 мыңнан астам қазақстандық шетелде саяхаттап жүр

Соңғы деректер бойынша шетелде 4 мыңнан аса жерлесіміз саяхаттап жүр. Олардың басым бөлігі Египет, Таиланд, Үндістан және Біріккен Араб Әмірліктерінің демалыс орындарында екені анықталды. Коронавирустың қауіптілігіне байланысты енді олар елге қайтарылмақ. Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Өркен Бисақаевтың мәлімдеуінше, туристерді елге қайтарумен отандық екі әуекомпания айналыспақ. «Қазір осы шаруаның техникалық және қаржылық мәселелері талқыланып жатыр», – деді ол.