Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 10-дерегі тіркелді
Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 10-дерегі тіркелді
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 10-ға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.
Диас Ахметшәріптің айтуынша, 1986 жылы туған қыз 15 наурызда Ыстанбұл қаласынан Алматыға ұшып келген.
Еске салсақ, бұған дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 9 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.
Коронавирустың таралуын шектеу үшін 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. 15 сәуірге дейін ел азаматтарының шетелге шығуына тыйым салынды.