Жаңалықтар

Сарыбаев тағылымы

ашық дереккөзі

Сарыбаев тағылымы

Еліміздің ғылымы мен біліміне өлшеусіз үлес қосып, отандық тіл ғылымының халықаралық деңгейде танылуына, түркі дүниесінде өзіндік орын алуына елеулі еңбек сіңірген көрнекті түрколог-ғалым Шора Сарыбаев. Академик Шора Сарыбаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған тағылымдық-танымдық еңбектері мен ғұмырлық ғибратын болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге ету және насихаттау мақсатында «Академик Ш.Сарыбаев тағылымы: тіл тағдыры және ұлт ұлағаты» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел отырысында Ұлттық ғылым академия­сы­ның академиктері мен кор­рес­пон­­дент мүшелері Бақтияр Сма­нов, Фаузия Оразбаева, Зей­неп Базарбаева, Бауыржан Омаров, Шерубай Құр­ман­бай­ұлы, Кәрімбек Құрманәлиев жә­­не филология ғылымда­ры­ның докторлары Бақытжан Ха­санов, Дандай Ысқақұлы, Жаңа­лық Балтабаева, Ғари­фол­ла Әнес, Қалбике Есенова, Ал­ты­най Тымболова, Алтыншаш Құр­манәлі, Әнипа Мұхтарова сын­ды ғалымдар баяндама жа­сады. Сөз алғандар Ш.Са­ры­баев­тың ғылыми шығар­машы­лы­ғы, ұстаздық ұлағаты, тіл тағ­дырына араласуы, кісілік кел­беті, қоғамдық қай­раткер­лігі және ұлт мүддесіне қызметі жайын­да айтты. Академик Ш.Сарыбаевтың тұлғалық келбетін жан-жақты қарастыру үшін, ғалымның ең­бектерінің мәнін терең түсіну ке­рек. Оның қазақ тілінің өзек­ті салаларының, атап айтқанда, қа­зақ тілі тарихы, диалектология, лексикология, лексикография, грамматиканың көкей­кес­ті мәселелерін көтерген 300-ден астам ғылыми мақа­ла­ларын­дағы, монографиялық ең­бек­те­ріндегі, оқулықтары мен сөз­дік­терінде қарастырған зерт­теу­ле­рін терең зерделеу мін­деті тұр.