Алматылық дәрігерлер коронавирус жұқтырған 12 жасар қыздың жағдайын айтты

16 наурыз, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Алматылық дәрігерлер коронавирус жұқтырған 12 жасар қыздың жағдайын айтты

Алматы әкімдігі қаладағы коронавирусқа қатысты соңғы деректерді жариялады.  

6 науқас ересектерге арналған жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланған.

Ал Алматыға Германиядан келген 2008 жылы туған қыз борттан түсіріліп, балалар жұқпалы ауруханасында бөлек боксқа жатқызылғаны белгілі болды.

Қазір оның жағдайы бірқалыпты.

Айта кетейік, бортта экипажды қосқанда 12 адам болған. Олардың барлығы оқшауланып арнайы талдау алынған.

Ведомство 7 науқастың барлығы ДДС ұйымының протоколы бойынша ем қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Пациенттермен байланыста болған азаматтардың барлығы провизорлық стационарларға 14 күндік карантинге жатқызылғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта оңтүстік астанада 676 адам карантинде жатыр.

Алматы қаласының әкімдігі барлық азаматтарды, әсіресе, үй карантиніндегілерді осы жағдайда өзінің және басқалардың денсаулығы үшін барынша жауапкершілікпен қарап, санитарлық-гигиеналық ережелерді ұстануға, ауру белгілері байқалған жағдайда өзін-өзі оқшаулауға шақырады.

Үй карантинінде жатқандар оқшаулану мерзіміне шыдауы керек. Коронавирус инфекциясы таралмас үшін төмендегі ережелерді ұстану қажет:

Анықтама үшін тәулік бойы 1406 нөмірі бойынша Call-орталық жұмыс істейді.