Жексенбі, 4 Желтоқсан, 2022

Алматылық дәрігерлер коронавирус жұқтырған 12 жасар қыздың жағдайын айтты

Алматы әкімдігі қаладағы коронавирусқа қатысты соңғы деректерді жариялады.  

6 науқас ересектерге арналған жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланған.

Ал Алматыға Германиядан келген 2008 жылы туған қыз борттан түсіріліп, балалар жұқпалы ауруханасында бөлек боксқа жатқызылғаны белгілі болды.

Қазір оның жағдайы бірқалыпты.

Айта кетейік, бортта экипажды қосқанда 12 адам болған. Олардың барлығы оқшауланып арнайы талдау алынған.

Ведомство 7 науқастың барлығы ДДС ұйымының протоколы бойынша ем қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Пациенттермен байланыста болған азаматтардың барлығы провизорлық стационарларға 14 күндік карантинге жатқызылғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта оңтүстік астанада 676 адам карантинде жатыр.

Алматы қаласының әкімдігі барлық азаматтарды, әсіресе, үй карантиніндегілерді осы жағдайда өзінің және басқалардың денсаулығы үшін барынша жауапкершілікпен қарап, санитарлық-гигиеналық ережелерді ұстануға, ауру белгілері байқалған жағдайда өзін-өзі оқшаулауға шақырады.

Үй карантинінде жатқандар оқшаулану мерзіміне шыдауы керек. Коронавирус инфекциясы таралмас үшін төмендегі ережелерді ұстану қажет:

  • Қолды жиі жуу және антисептик құралдарды пайдалану. Қолды сабынды пайдаланып әрбір жарты сағат сайын 20 секунд бойы жуу қажет. Егер жақын жерде қол жуатын шұңғылша, сабын болмаса, микробтарды өлтіруге әдеттегі антисептик көмектеседі. Дәріханадан сатып алынған кәдімгі спирт те болады. Егер оған аллергия болса, санитайзерді пайдаланыңыз.
  • Бөлмені жиі желдетіңіз.
  • Қоғамдық орындарға шығуды шектеу қажет.
  • ЖРВИ мен тұмауға, денедегі әлсіздік, құрғақ жөтелге күдікті кезде емханадан дәрігер шақырту немесе жәрдем шақырту және маска тағу қажет.
  • Қол алысуды және басқа да жақын қарым-қатынасты болдырмау.
  • Иммунитетті нығайту.

Анықтама үшін тәулік бойы 1406 нөмірі бойынша Call-орталық жұмыс істейді.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button