Бейсенбі, 1 Желтоқсан, 2022

Президент ел тұрғындары азық-түліктен тарықпайтынына сендірді

Елімізде күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді. Бұл туралы елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты телевизия арқылы үндеу жасаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 

«Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз. Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бұған қажетті қорымыз қалыптасты, қаражат бар. Осы орайда азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аудартқым келеді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді», – деді Президент. 

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button