Жаңалықтар

"Жырқылдап ән айтатын уақыт емес": Мейрамбек Бесбаев халықты жауапкершілікке шақырды

ашық дереккөзі

"Жырқылдап ән айтатын уақыт емес": Мейрамбек Бесбаев халықты жауапкершілікке шақырды

Қазақтың белгілі әншісі, «МұзАрт» тобының мүшесі Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарды әлемді жайлаған індетке салғырт қарамай, мемлекет енгізген шектеу шараларын жауапкершілікпен орындауға шақырды. «Елімізге келген аты жаман вирустың қаупі өте күшті болып тұр. Біз әлі де мән бермей жүрген сияқтымыз. Үкімет барлық іс-шараны толығымен тоқтатты. Жекелеген той- томалығымызды да кейінге қалдырғаны дұрыс болды. Қуанышымызды бөлісеміз деп жүріп, қайғыға ұрынып қалмайықшы. Осы сынақтан аман-есен өтіп алудың амал-шартын қарастырғанымыз жөн», - деп жазды әнші Instagram желісінде.