Жаңалықтар

Елімізде 981 адам үй карантинінде жатыр

ашық дереккөзі

Елімізде 981 адам үй карантинінде жатыр

Қазақстанда коронавирусқа байланысты стационарлық карантинде жатқандар саны 3 адамға азайып, үй карантиніне жатқызылғандар саны 353 адамға көбейді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.  «Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 9 науқас, оның ішінде Алматы қаласында – 7, Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам тіркелген. Стационарлық карантинде - 1 641, үй карантинінде 981 адам жатыр. Сонымен қатар ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда», - деп атап өтеді министрліктен. Ведомствоның мәліметінше, барлық санаттар бойынша мониторингке 2 626 адам алынды. Оның ішінде 1 «А» санаты бойынша – 1 689, 1 «Б» санаты бойынша – 586, 2-санаты бойынша 351 адам бар. Мониторингке алынған 2 626 адамның 503-іне бақылау тоқтатылды. 2 123 адамға мониторинг жүргізілуде. «Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 129 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 1 «Б» санаты бойынша – 39 адам, 2-санат бойынша – 43 адам 3-санат бойынша - 47 адам. Ауруханаға жатқызылғандар саны 129, 65 азамат шығарылды. 73 адам стационарда қалады. Оның 64-і дене қызумен және ЖРВИ белгілерімен, ал 9-ы коронавируспен ауруханада жатыр. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында»,- делінген ведомство ақпаратта.