"Байбалам салудың қажеті жоқ": Президенттің көмекшісі төтенше жағдай енгізудің мақсатын түсіндірді

"Байбалам салудың қажеті жоқ": Президенттің көмекшісі төтенше жағдай енгізудің мақсатын түсіндірді

"Байбалам салудың қажеті жоқ": Президенттің көмекшісі төтенше жағдай енгізудің мақсатын түсіндірді
ашық дереккөзі
Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин бүгіннен бастап Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай жайлы сөз қозғады. Ол мұндай шаралардың неліктен қабылданғанын түсіндірді. Хабарлама Ерлан Тынымбайұлының Telegram арнасында пайда болған. Саясаткер қазақстандықтарды ТЖ режимінің салдарынан байбалам салмауға шақырды. Оның сөзінше, мұндай шаралар ресурстарды жұмылдыруға, мемлекеттік органдардың шұғыл шешім қабылдауына көмектеседі. Жалпы алғанда бұл коронавирустың елімізде таралып кетпесі үшін жасалып отыр. Одан бөлек, кеңесшінің айтуынша, бұл режим тиісті құқықтық шешім қабылдауға мүмкіндік береді. "Мемлекет алдын алу үшін әрекет етіп жатыр", - деді Президенттің кеңесшісі. Оның айтуынша, билік негізгі шараларды бұрын қабылдап, кейінірек жағдайға байланысты толықтырған. Ерлан Қариннің сөзінше, бұл режимде шектеулер бар болғанымен, маңызды ұйымдар, дүкендер, дәріханалар, сауда орталықтары жұмысын қалыптасқан тәртіпте жалғастыра бермек. Президент кеңесшісі сөз соңында барлық шектеу шаралары вирустың таралуының алдын алу үшін сондай-ақ, қазақстандықтардың игілігі үшін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, денсаулықтарын сақтау үшін жасалып жатқанын айтты. Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлық шығарды.