Қытайда коронавирус эпидемиясының екінші толқыны басталуы мүмкін – АҚШ дәрігері

Қытайда коронавирус эпидемиясының екінші толқыны басталуы мүмкін – АҚШ дәрігері

Қытайда коронавирус эпидемиясының екінші толқыны басталуы мүмкін –  АҚШ дәрігері
ашық дереккөзі
Жуырда Қытайда CODID-19 эпидемиясының екінші толқыны басталуы мүмкін. Белгілі америкалық дәрігер-инфекционист Энтони Фаучидің айтуынша, мұндай жағдай жарияланған карантинді алып тастағаннан кейін болуы ықтимал. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. Дәрігердің сөзінше, дерттің қайта белең алуы барлық шектеулер алынып, адамдар қалыпты өмірлеріне қайта бастаған кезде болмақ. Фаучи бұл жағдай болмайды деген үмітте екенін, алайда мұны жоққа шығаруға болмайтынын айтты. Маман АҚШ аумағындағы эпидемия жайлы да сөз қозғаған. Ғалымның сөзінше, вирустың таралуы бір-екі айдың ішінде тоқтауы мүмкін. Бұл тұрғындарды қорғау үшін биліктің қандай шешім қабылдайтынына байланысты. Фаучи АҚШ-тағы індет динамикасы Қытай немесе Оңтүстік Кореямен ұқсас болады деген болжам жасап отыр. Айта кетейік, соңғы дерек бойынша елімізде 9 адам коронавирус жұқтырған. Науқастардың жетеуі Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтанда. Бұған дейін елімізде індет жұқтырғандардың бірі – 12 жастағы қыз бала екенін хабарлағанбыз.