Жексенбі, 4 Желтоқсан, 2022

Қытайда Си Цзиньпинді сайқымазақ деп атаған кәсіпкер жоғалып кетті

Қытайда белгілі бизнесмен Рен Чжицян ізім-ғайым жоғалып кетті. Достарының айтуынша, жоғалар алдында ол ел билігін сынаған, деп хабарлайды Reuters.

— Достарымыздың бәрі оны жабыла іздеуде. Рен Чжицян – белгілі адам, оның жоғалғаны көпке мәлім. Сондықтан бұған жауапты органдар ақылға қонымды әрі заңды түрде жағдайды түсінік беруі керек, – деді бизнесменнің достарының бірі.

Бірнеше апта бұрын Рен Чжицян ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді әжуалап, коронавируспен күрес шаралары туралы айтқан сөздері үшін мемлекет басшысын сайқамазақ деп атаған болатын. Достарының пікірінше, оның жоғалып кетуіне осы әрекеті себеп болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытай билігі елде коронавирус індеті таралуының шарықтау кезеңі аяқталғанын мәлімдеген. Ел үкіметінің дерегінше, дерт жұқтырғандардың 80 пайызы айыққан.

 

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button