Жаңалықтар

Тайландта коронавирус жұқтырғандар саны 114-ке жетті

ашық дереккөзі

Тайландта коронавирус жұқтырғандар саны 114-ке жетті

Тайландта коронавирус жұқтырудың 32 жаңа дерегі тіркелді. Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 114-ке жетті. Бұл туралы Тайландтың денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты хатшысы Сукхум Канчанапхимай хабарлады. «Дерт тарағалы елде 35 науқас жазылып, бір науқас көз жұмды. Бүгін тіркелген 32 науқасты қосқанда коронавирус жұқтырғандар саны 114 адамға жетіп отыр», - деді хатшы. Сукхум Канчанапхимайдың айтуынша, жаңадан ауырғандардың бесеуі Бангкок дәмханаларының бірінде ортақ ыдыс пайдаланғандар. Олардың достары бірнеше күннен бері инфекциялық ауруханада бақылауға алынған. Ал коронавирус жұқтырғандардың 9-ы "Лумпхини" стадионында тай боксын тамашалаған. Қалған науқастар – Суваннапхум әуежайының қызметкерлері, Испанияға барып келгендер және олардың жақындары. «Біз аталған науқастармен байланыста болған 51 адамның сынама қорытындысын күтіп отырмыз», - дейді Сукхум Канчанапхимай.  Айта кетейік, соңғы дерек бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 150 мың адамнан асты. Олардың 80 мыңнан астамы қытайлықтар болса, өзге мемлекеттегі індетке шалдыққандар қатары 75 мыңға жетіп отыр.