Ертең Мемлекет басшысы халыққа үндеу жасайды

Ертең Мемлекет басшысы халыққа үндеу жасайды

Ертең Мемлекет басшысы халыққа үндеу жасайды
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертең телеарна арқылы халыққа үндеу жолдайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады. 

Берік Уәли Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа коронавирус COVID-19 пандемиясының жариялануына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында мемлекет басшысы Қазақстанның барлық аумағында төтенше жағдай енгізетінін еске салды. 

Төтенше жағдай режимі 16 наурыз күні таңғы сағат 8-ден 15 сәуір күні сағат 7-ге дейін жалғасады. Елімізде карантин енгізілуде, СОО, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің жұмысы уақытша тоқтатылады.

Алайда, азық-түлік дүкендері мен базарлары өз жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі хабарлады.