Дәрігерлер Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайын айтты
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан қаладағы коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайын айтты.
«Алматы қаласында коронавирус анықталған 6 адамның төртеуінің жағдайы қалыпты, ал екеуінің денсаулығы орташа. Қазір барлығы да ем қабылдап жатыр», – деді ол.
Еске сала кетсек, Қазақстанда жұқтырғандар саны 8 адамға жетті. Оның алтауы Алматыдан анықталып отыр.
Бүгін тіркелген екі науқастың алғашқысы – 1959 жылы туған әйел адам. Ол вирусты Алматыға Мәскеуден ұшып келген рейсте болған жұбайынан жұқтырып алған. Ал екінші науқас – 1995 жылы туған Қазақстан азаматы. Бұл ер адам Алматыға Сеулден ұшып келген.
Коронавирустың таралуын шектеу үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен елімізде төтенше жағдай енгізілді.
Төтенше жағдай режимі 15 сәуірге дейін созылмақ.