Шетелде жүрген қазақстандықтар елге кіре алады – СІМ
Шетелде жүрген қазақстандықтар елге кіре алады – СІМ
Төтенше жағдай режимі кезінде шет мемлекетте жүрген отандастарымыз елге кіре ала ма? Бұл сауалға Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді.
«Шектеу - бұл тыйым салу емес. Шет елдерде жүрген біздің отандастарымыз Қазақстанға кіре алады. Бұл шектеулер негізінен шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты қолданылады» деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді.
Жарлыққа сәйкес, еліміздегі ірі сауда нысандардың жұмысына шектеу қойылады.
Сондай-ақ, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынды.