Голландиялық ғалымдар коронавирусты жоятын антидене тапты

Голландиялық ғалымдар коронавирусты жоятын антидене тапты

Голландиялық ғалымдар коронавирусты жоятын антидене тапты
ашық дереккөзі
Голландиядағы Утрехт университетінің ғалымдары коронавирус инфекциясын жоятын антидене тапты. Бұл туралы NOS порталы хабарлады. Жасуша биологиясының профессоры Франк Гросвельдтің айтуынша, бұл коронавирусқа қарсы алғашқы табылған антидене. Ғалымның пайымынша, антидене сатылымға түсетін дәрілік затқа айналуы мүмкін. Алайда ол әлі сынақтан өткізілуі тиіс. Бұған бірнеше ай уақыт қажет. Сондай-ақ, дәріні биологтар қауымдастығы қолдауы қажет. Бұған дейін ДДСҰ CoViD-2019 инфекциясына қарсы 20-дан астам вакцина жасалып жатқанын мәлімдеген. Екпе үлгілері Қытайда, Ресейде және АҚШ-та дайындалуда. Еске сала кетейік, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 150 мың адамнан асып жығылды. ҚХР-да 80 884 жағдай (күн сайынғы өсім – 0,02%) тіркеліп, оның ішінде 3 199-ы өліммен аяқталған (өлім көрсеткіші – 3,9%). 66 911 адам жазылған (82,7%). Стационарларда 10 734 науқас қалады; Әлемнің басқа елдерінде – 75 650 (круиз лайнерін қоса алғанда) оқиға (күн сайынғы өсім – 17,2% құрады) тіркелді, оның ішінде – 2 623 өлім, өлім көрсеткіші-3,4 %.