Қазақстанда 1,5 мыңға жуық адам стационарлық карантинде жатыр

Қазақстанда 1,5 мыңға жуық адам стационарлық карантинде жатыр

Қазақстанда 1,5 мыңға жуық адам стационарлық карантинде жатыр
ашық дереккөзі
Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 6 науқас тіркелген: Алматы қаласында – 4, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам. Стационарлық карантинде 1 мың 425 адам, үй карантинінде 496 адам жатыр, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.  Сонымен қатар, ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Барлық санаттар бойынша мониторингіге 2 507 адам алынды, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1 мың 619, 1 «б» санаты бойынша – 520, 2 санаты бойынша – 368 адам. Мониторингіге алынған 2 507 адамның 424-і бақылау тоқтатылды. 15 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2 083 адамға мониторинг жүргізуде. Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 122 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 35 адам; 2 санат бойынша – 42 адам; 3 санат бойынша - 45 адам. Ауруханаға жатқызылғандар саны 122 адам, 62 азамат шығарылды. 60 адам стационарда қалады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жасау жұмыстары жүргізілуде.