Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Әзірбайжанда той-томалақ жасауға тыйым салынды

Әзірбайжанда коронавирустың таралуына байланысты ел үкіметі мейрамханалар мен дәмханаларда үйлену тойларын, жерлеу рәсімдерін, әр түрлі мерекелерді өткізуге тыйым салды. Сондай-ақ, барлық жоспарланған спорттық және мәдени шаралар тоқтатылды.

Мемлекеттік қызметкерлер шетелге үкіметтің арнайы рұқсатымен ғана сапар шеге алады. Ауруханаларда науқастың туған-туыстарына келуі де шектеледі. Соңғы мәліметке қарағанда Әзірбайжанда дертке 19 адам шалдығып, 1 науқас көз жұмған. Науқастардың барлығы – Италия мен Ираннан келген азаматтар.

Еске сала кетейік, коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Қазақстан тұрғындарына да той-томалақты кейінге шегеру ұсынылған.  

 «Үйлену тойы, туған күн мен мерекелер – өте маңызды, бірақ денсаулық одан да маңызды мәселе. Мұндай шараларды өткізгісі келген адам жақсылап ойлануы керек. Әсіресе біз көп қонақ шақырып той өткізгенді жақсы көреміз. Шақыратын қонақтардың санын барынша қысқарту керек. Мұндай шараларды кейінге шегеріп тастаса, тіптен жақсы», – деді вице-премьер Ералы Тоғжанов.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button