Коронавирус: Италияда 1,5 мыңға жуық адам көз жұмды
Коронавирус: Италияда 1,5 мыңға жуық адам көз жұмды
Соңғы дерек бойынша әлемнің 138 елінде 147 697 адамға коронавирус жұққан. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дерт ошағы – Қытайда вирустың таралуы айтарлықтай бәсеңдеді. Елде бір тәулікте 11 оқиға тіркелген. Жалпы, Қытайда 80 824 адам коронавирус жұқтырып, оның 3 189-ы қайтыс болды. Стационарларда 12 094 науқас ем алып жатса, 65541 адамның жазылғаны белгілі.
Әлемнің өзге елдерінде 66 873 (круиз лайнерін қоса алғанда) адам вирус жұқтырып, оның 2 239-ы қаза болды. Бұл ретте 1 «А» санатына жатқызылған Италиямен 1 «Б» санатындағы Испанияда коронавирус өршіп тұр.
Италияда бір тәулікте вирус жұқтырған 2 547 адам анықталды. Вирус жұқтырғандығы нақтылаған науқастар саны - 17 660 адам, қаза тапқандар 1 439.
Испанияда 5 232 адам вирус жұқтырып, 133 адам қайтыс болды. Бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырғанын расталған адамдар саны - 2 086.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдап жатқанын айтып, қазақстандықтарды сабырға шақырды. Мемлекет басшысының айтуынша, жағдай толық бақылауда.