"Жағдай толық бақылауда": Президент қазақстандықтарды сабырға шақырды
"Жағдай толық бақылауда": Президент қазақстандықтарды сабырға шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазба жариялап, Қазақстан халқын сабырға шақырды.
«Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда. Жағдай толық бақылауда. Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады. Баршаңызға мықты денсаулық тілеймін. Біз #Birgemiz »,-делінген жазбада.