Бейсенбі, 1 Желтоқсан, 2022

Коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша қосымша шаралар енгізілді – Қаулы

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша қосымша шараларды енгізу туралы» қаулысы жарияланды.

«Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралу қаупін ескерту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Осы қаулының 1-ші қосымшасына сәйкес COVID-19 жұқтырып алу қаупі жоғары жерде болған адамдарға карантин түрін тағайындау тәртібі бекітілсін.

2. Облыс әкімдері, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері:

1) COVID-19 ауруын жұқтыруы мүмкін күдіктілер үшін қосымша провизорлық стационарларды ашсын;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес науқастармен байланыста болған немесе коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарды оқшаулау үшін карантиндік ауруханаларды дайындасын;

3) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес нұсқаулық бойынша науқастармен байланыста болған немесе коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар тасымалдансын.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден көруге болады.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button