Қайта пайдалануға болатын медициналық маскалар жасалуда

Қайта пайдалануға болатын медициналық маскалар жасалуда

Қайта пайдалануға болатын медициналық маскалар жасалуда
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында қайта пайдалануға болатын медициналық маскалар шығару қолға алынуда, – деп жазды ҚазАқпарат. Бұл жайлы облыстық Кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шұрманов мәлімдеді. Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша дәкеден жасалған медициналық маскалар шығару жұмыстары басталған. «Өңірдегі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары осындай өнімдерді қалай шығару керектігін меңгерді. Бүгінгі таңда облыстағы фармацевтикалық компаниялардың қоймаларында медициналық дәке қоры жеткілікті. Осының нәтижесінде қысқа уақыт ішінде қайта пайдалануға болатын миллион данадай маскалар жасай аламыз», – дейді ол. Басқарма басшысының айтуынша, осындай медициналық маскаларды сертификаттау жұмыстары жүргізілуде. Олар дәріханаларда сатылатын болады. Бір масканың бағасы 60 теңгені құрамақ.