Коронавирус: уақытша жұмысы тоқтаған азаматтарға жалақы қалай төленеді?

Коронавирус: уақытша жұмысы тоқтаған азаматтарға жалақы қалай төленеді?

Коронавирус: уақытша жұмысы тоқтаған азаматтарға жалақы қалай төленеді?
ашық дереккөзі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің төрағасы – ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Нұрғалиев баласымен үйде отыруға мәжбүр ата-аналар ақы төленетін еңбек демалысына қалай жіберілетінін түсіндіріп берді. ҚазАқпараттың мәліметінше, ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ербол Нұрғалиев: «ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, барлық медициналық мекемеге немесе үйге карантинге алынған қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы төлеу тәртібі Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму (бұрынғы) министрлігінің бекіткен ережесінде толығымен көрсетілген. Көп сұрақ түсіп жатқан тағы бір мәселе: өндірісті тоқтата тұру кезіндегі қызметкерлердің еңбекақысын төлеу мәселесі. Осы жылдың 13 наурызынан бастап сауда-ойын сауық кешендері, кинотеатрлар мен балалар ойын алаңдары жабылуда. Көпшілікпен шараларды өткізуге тыйым салынды. Осыған байланысты кейбір кәсіпорындар мен кәсіпкерлер өз жұмысын тоқтата тұруға мәжбүр болып отыр», – деп атап өтті. Сарапшының айтуынша, Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес, жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытын рәсімдеу тәртібі және бос тұрып қалу уақыты үшін ақы төлеу – жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмайтын көлемде белгіленген. «Егер еңбек немесе ұжымдық шарттарда бұл мәселе қарастырылса одан да жоғары төлеуге мүмкіндік бар. Келесі мәселе: қашықтан жұмыс істеу тәртібі жайлы. Бұл да еңбек кодексінің 138-бабында толық көрсетілген. Мұндай да мүмкіндік бар. Тек бұл жерде барлық жұмыс уақытын есептеп, жалақы төлеу жөнінде жұмыс берушінің бұйрығында белгіленеді», – деді ол. Еске сала кетсек, Ақордада кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жедел әрекет ету штабының отырысы өткізілген болатын. Отырыс барысында Президент баласымен үйде отыруға мәжбүр ата-аналарды ақы төленетін еңбек демалысына жіберуді тапсырып, жұмыс берушілермен осы тапсырманы іске асыру шеңберінде жұмыс жүргізуді жүктеген болатын.