«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды
14 наурыз, 2020 /
Асыл ТҰМАР
«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды
2020 жылдың 18 наурызына белгіленген «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды. Бұл туралы Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Коронавирус инфекциясы тарау қаупіне байланысты енгізілген шектеу шараларына орай 2020 жылдың 18 наурызына белгіленген «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды» делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 5 ақпан күні Елбасы пратия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдап, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Кейін «Nur Otan» партиясының Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы Қаулыға қол қойған болатын.