Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады
14 наурыз күні фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) күтіледі. Еліміздің тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі түнде кей жерлерде 18 м/с, күндіз 23-28 м/с жетеді.
Ақмола облысында түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 23-28 м/с артады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында түнде желдің күші 17-22 м/с артады.
Батыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жететіні болжанады.
Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерін тұман басады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.